Академик Мұхтар Әлиұлы Әлиев көзі тірі болғанда биылғы жылы 90 жасқа толар еді. «Ғалымның өзі өлсе де сөзі өлмейді» дегендей оның артына қалдырған еңбегі көзі жоғын білдірмей, тарих болып сөйлеп, көппен сырласып отыр. Бүгінгі күні М. Әлиев дегенде біз, ұлы дәрігер, ғалым, денсаулық сақтау мен ғылымды ұйымдастырушы, теориялық білімнің маңыздылығын, серпінді және қолданбалы зерттеулердің маңызын терең түсінген тұлғаны еске аламыз. Ол - академик, профессор, танымал хирург, медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау министрі ретінде танымал.