Ана - барлық көркемділіктің үлгісі

Ана дегенде әркімнің-ақ жүрек соғысы жылдамдап, жүзіне күлкі үйірілері анық. Ана дегенде ешбір адамның елең етпесі мүмкін емес. Себебі, сол кісінің арқасында сіз дүниеге есігін аштыңыз, әлемді танып-білдіңіз және осы мақаланы оқып отырсыз. Бүкіл ғаламдағы ең керемет, ең маңызды атаудың біреуі ол-" Ана". Бір ғана сөз, ал онда қаншама мән жатыр. Бұл сөздің мән-мағынасы мен қасиетін тереңнен түсініп болмайсың. Өмірге келген сәттен бастап жаныңыздан табылып, түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп, бесік жырын айтып, бар уақытын сәбиіне арнаған- ол сіздің анаңыз.

"Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту" - деген ұлы Әл-Фараби. Мені анам сәби кезімнен бастап әдебиет пен музыка әлеміне баулып өсірді. Кішкентайымнан әрдайым ертегі - әңгімелер айтып, Абай әндерін жаттатып, ешкімнің ала жібін аттама деп, бар мейірімін маған төкті. Балалық шағымның ерекше ыстық естеліктерінің бірі- анам екеуміздің Абайдың "Желсіз түнде жарық-ай" әнін бірге айтатынымыз. Бұл әнді естігенде жүрегім жылып, балалық шағыма қайта оралғандай боламын. Анам менің тәрбиеме ғана емес, тіл байлығыма да қатты көңіл бөлді. Қазақша, орысша кітаптарды оқытып, сауаттылықты бірінші орынға қойды. Сырт келбетімен ғана емес, жанымен де сұлу анамды- мен өзіме үлгі тұтамын, даналықтың символы деп білемін! Ішкі жан-дүниемді бала кезден рухани байытып, бағалы қасиеттерді бойыма сіңіргені үшін-анама алғысым шексіз!

Анаңызды қаншалықты жиі қуантасыз? Хал-жағдайын күнде сұрайсыз ба? Анаңызға оны қаншалықты жақсы көретініңізді айтып тұрасыз ба? Анаңызға деген махаббатыңызды қалай білдіресіз? Бір сәтке ойланып қараңызшы, оларға осылай көңіл бөлу қаншалықты маңызды екенін! Оның әрдайым жанынан табылыңыз, қуантыңыз. Ана мен бала арасындағы ара-қатынас осы әрекеттермен нығая түседі деп ойлаймын. Өйткені, баладан осындай қамқорлықты сезінген ана - бақытты ана. "Жұмақтың кілті-ананың табанының астында" - деп бекер айтпаған ғой дана халқымыз. Ана - әлемді өзінің даналығымен басқаратын, отбасын алдыға жетелеп, болашақ ұрпақтың ой-санасын қалыптастыратын ұлы тұлға. "Ана-бір қолымен бесікті тербетсе, екінші-қолымен әлемді тербетеді." Сөзімді аяқтай келе:" Ана- бар нәзіктік атаулының жиынтығы", - дегім келеді.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдер Университеті

ФММК 123

ЖУРНАЛИСТИКА

СҰЛТАНҚЫЗЫ АЗИЗА

0
2 комментария
Аккаунт удален

Комментарий недоступен

Ответить
Развернуть ветку
Азиза Султанкызы
Автор

❤❤❤

Ответить
Развернуть ветку
-1 комментариев
Раскрывать всегда