{"id":14268,"url":"\/distributions\/14268\/click?bit=1&hash=1e3309842e8b07895e75261917827295839cd5d4d57d48f0ca524f3f535a7946","title":"\u0420\u0430\u0437\u0440\u0435\u0448\u0430\u0442\u044c \u0441\u043e\u0442\u0440\u0443\u0434\u043d\u0438\u043a\u0430\u043c \u0438\u0433\u0440\u0430\u0442\u044c \u043d\u0430 \u0440\u0430\u0431\u043e\u0447\u0435\u043c \u043c\u0435\u0441\u0442\u0435 \u044d\u0444\u0444\u0435\u043a\u0442\u0438\u0432\u043d\u043e?","buttonText":"\u0423\u0437\u043d\u0430\u0442\u044c","imageUuid":"f71e1caf-7964-5525-98be-104bb436cb54"}

Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар!

Бүгін сіздермен қазақ тілінде алғаш рет шығарылып жатқан кітаптардың қысқаша шолу материалдарымен таныс боламыз.

Наполеон Хиллдің жарыққа 1937 жылы шыққан «Ойлан да, бай бол» атты кітабы әлі күнге дейін әлемдегі аса танымал және көпшіліктің қолынан түспейтін кітаптардың біріне айналған. Сондықтан біз осы кітаптың үзінділерімен бірінші болып оқырмандармызбен бөлісуді жөн көрдік.

1. Бастысы – ол идея

Табыстың барша тарихы идеядан басталатыны анық. Бұл жерде сөз үлкен әріптермен жазылатын, басыңызға мықтап «қонып алғаны» соншалық – сіз басқа еш нәрсе жайында ойлай алмайтын ИДЕЯ туралы болып тұр. Ондай идеяңыз бар ма? Мысалы, Томас Эдисонның электр шамын жасау жөніндегі арманы он мың сәтсіз экспериментінен кейін ғана орындалған. Ағайынды Райттардың ауада жүретін құрал ойлап таппақ болған арманының арқасында бүгінде біз әлемнің кез келген жеріне бара аламыз. Гульельмо Марконидің бойын көзге көрінбейтін күштердің көмегімен ауа арқылы сигналдар беру идеясы жайлап алғанда, сол үшін тіпті психиатриялық ауруханаға жатқызылғанына қарамастан, ол радио ойлап табу үшін ізденуден танбады, сөйтіп, ақырында, мақсатына жетті.

2. Қанша ақша сомасын және оны қандай мерзім ішінде тапқыңыз келетінін айқындап алыңыз

Иеленгіңіз келетін ақша сомасын айқын белгілеп алыңыз. Жай ғана еш дерексіз «көп ақшаға» ие болуды қалауға болмайды. Белгілі бір соманы санаңызда айқындап алу психологиялық тұрғыдан маңызды. Анық бір сомаға тоқтаған соң, осындай ақша сомасының шотыңызға түскенін қалайтын мерзімді белгілеңіз. Көзіңізді жұмып, қанша ақшаға ие болғыңыз келетінін ғана емес, олармен не істейтініңізді (мысалы, өндірісіңізді дамытуға жұмсайсыз, қызметкерлердің жалақысын төлейсіз, жылжымайтын мүлік сатып аласыз және басқадай мақсаттарыңызды) көз алдыңызға елестетіңіз. Келешекте ие болатын қаражатыңызды қалай барынша тиімді пайдалана алатыныңыз туралы ойлаңыз.

Шолудын толық нұскасын сайтымыздан және де Credo қосымшамыздан оқи аласыз.

0
Комментарии
-3 комментариев
Раскрывать всегда