Үздік университет-ҚазҰУ!
Мен Қазақ Ұлттық университетінің бірінші курс студенті Кәкен Қуаныш Қайратбайұлы. Университетіміздің өз студенттеріне арналған мамандандырылған мықты тұстары жайлы айтқым келеді. Болашақ абитуриенттер, біздің университетіміздің аумағы құдды бір қалашыққа тең. Қала ішіндегі қалашық деп айтуға болады. Жасыл ағаштар мен әсем тауларға көрініс өте-мөте әдемі. Біздің факультетіміз ҚазҰУ-дан алшақ орналасса да осы бір көріністі қайта-қайта көру үшін келе бергің келеді. Келесісі ол студенттік ұйымдар. Әр қаладан жиналған бірінші курс студенттері және жоғары курс студенттерімен тығыз қарым-қатынас сенің тұлға ретінде өз факультетеіңе сіңісіп кетуіңе оң әсерін тигізеді. Және білім жағынанда қиналсаң, жоғары курс студенттері әрқашан көмектесуге дайын тұрады.Ұйымдар саны өте көп. Өзіңнің жүрегіңе жақын, жақсы көретін ісіңе қарай таңдап сонда кіресің.Ұйымда өз білім ордаңа қызмет етіп, өзіңе жаңа әдеттер қалыптастырасың. Әр ұйымдар арасында факультет аралық батл, танысу кеші, студенттік, мерекелік кештер ұйымдастырып сол жақтарда сабақ уақытынан тыс жүресің. Бұл сенің студенттік өміріңді сұр түсті емес, әр түрлі түсті қылып өтуіне өз оң әсерін тигізеді.
Келесі ол біздің білікті оқытушылар. Әр факультетте мықты оқытушылар жұмыс жасайды.Олар өз студенттері үшін дәрістері мен семинарларын өте қызықты етіп өткізеді. Біздің біліміміз жетілуі үшін тақырыпқа байланысты ойындар мен кітаптарды ұсынып солар арқылы түсіндіреді. Тұлға ретінде қалыптасуымыз үшін өз күштерін барынша жұмсайды.Оқытушыларымыздың берген және әлі де беретін ақылдары мен үшін өте қымбат. Себебі, болашақта маман ретінде біздің алдымызда кезігетін сынақтар мен қиындықтарды алдын ала болжап, соларды шешуде өз жолдарын ұсынады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді, елімізде ең алғаш Қазақстан Республикасының Президентінің «Сапа бойынша жетістігі үшін» сыйлығының лауреаты, өнімдер мен қызметтердің сапа бойынша жетістігі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұсынған сыйлықтың дипломанты атанған бірден-бір оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық университтер бірлестігінің мүшесі және Евразиялық университтер бірлестігінің тең құрылтайшысы болып табылады, сонымен қатар Қазақстандағы бірінші және Орталық Азия елдері Болонье қаласындағы Ұлы Хартия Университтері келісім шарт жасаған жоғары оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ біліммен, ғылыммен, рухани-тәрбиемен, инновациялық және өндірістік потенциалмен қамтамасыз ете алады. Университетімізде 15 факультет, 63 кафедра бар.Осынша алып білім ордамыздан жыл сайын дарынды жастар шығып, өз елі үшін қызмет ететін патриоттар шығуда. Сонымен қоса патриот болуымызға өз үлесін тигізетін біздің университетімізде әскери кафедра бар. Әскери кафедрада теориялық сабақтар мен практика қатар жүреді. Оның территориясыда өте үлкен және әскери атмосфераны сезіну үшін бар жағдай жасалған. Академиялық саясат әр мамандықтың ,мықты студенттерін шетелге оқып келуге жібереді. Өз мамандығының майталманы және озаты болсаң сенде теп-тегін өзің таңдаған елге барып білім алуға мүмкіндік бар. Бәлкім сенің де орның осында шығар,ҚазҰУ-да кездескенше абитуриент!
Кәкен Қуаныш , әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенті
Куратор - эдвайзер: Дүйсенбі Динара Темірбайқызы