Бас офистегі Жаңа жыл мерекесінен фотосуреттер мен бейнежазбалар

Бас офистегі Жаңа жыл мерекесінен фотосуреттер мен бейнежазбалар

Қымбатты әріптестер!

Біз сіздердің көңілдеріңізді көтергіміз келеді және ескі жылды шығарып салып, Жаңа 2022 жылды қалай көңілді қарсы алғанымызды еске алуды ұсынамыз!

Қызметкерлеріміздің қатысуымен өткен барабаншылардың әсерлі де ерекше шоуы, таза ауада жайланып отырып шай ішу, Аяз атамен және Ақшақармен фотосессия, осының бәрі сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеріп, командалық рухтарыңызды нығайта түсетіндігіне сенімдіміз!

Тілектер шарында ең асыл тілектеріңізді жасырдыңыздар деп үміттенеміз және олардың барлығы міндетті түрде орындалатынын анық білеміз!

Қымбатты әріптестер, жылдың ауыр басталуына қарамастан, біз сіздерге бейбіт аспан, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңыздың нәтижелі болуын және барлық жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілейміз!

Мұның қалай болғаны туралы...

Сілтемелер бойынша кіріп, тамаша көңіл-күйге бөленіңіздер!

Начать дискуссию