Бұл ретте PwC Kazakhstan баяндамасында ESG тәжірибелерін енгізуде қаржы секторының ерекше орын алатыны атап өтілді. Айта кетерлігі, ESG және тұрақты даму принциптерін ұстанудың негізгі факторы, ол — олар туралы ақпаратты ашық айту. Бүгінгі таңда қаржы секторының компаниялары, оның ішінде ҚР ЕДБ бұл ақпаратты ерікті негізде жариялап, осы салада өз бастамаларын көрсетуде. Алайда, 2025 жылдан бастап бұл міндетті болады, яғни, қаржы секторындағы компаниялар 2024 жылға арналған ESG ақпаратын міндетті түрде жариялайды.